Байыпты жобаға - лайықты қолдау

1787
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Жезқазған қаласында ең үздік бизнес жоба ұсынған кәсіпкерлер марапатталды. Биыл грант алуға барлығы 78 өтінім келіп түсті, 120 адам кеңес алды.

Мәслихат депутаттары, «Атамекен» Ұлттық палата өкілдері, үздік кәсіпкерлер, қоғамдық бірлестік төрағалары, кәсіподақ ұйымдарының өкілдері, қалалық әкімдік өкілдерінен құралған комиссия мүшелері үздік 18 жобаны анықтады.

Үздік бизнес-жобалар ішінде мультипликациялық студия, заманауи үлгідегі лофт-жиһаз жасау, ұлттық нақыштағы тігін цех, көлік панельдеріне жабын, «накидка» жасау және т.б. жобалар болды.

Гранттарды Жезқазған қалалық мәслихатының төрағасы Р.Қапарова, Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Б. Жайлаубаев және комиссия мүшелері табыстап, жеңімпаздарды құттықтады.

 

Пікірлер