210 адамнан тұрады. Астанаға Ауғанстан делегациясы келді

2639
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/08/adbc84ff-cc0d-4009-a01c-2d334e5eeb21.jpeg
Астанаға 2 тамыз күні Ауғанстанның өнеркәсіп және сауда министрі Нуриддин Азизи бастаған 210 адамнан тұратын бизнес-делегация келді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Мәлімет бойынша, делегацияны әуежайда премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин күтіп алды. 2 тамызда Қазақстан және Ауғанстан компанияларының презентациялары, B2B келіссөздері өтті. Ал 3 тамызда бизнес-форум жұмысын бастайды, ал 4 тамызда елорда тұрғындары мен қонақтарына ауған тауарларының көрмесі (EXPO, Конгресс-орталық) ашылады. Сондай-ақ, көрмеде Ауғанстаннан түрлі азық-түлік, мыс ыдыстар, мәрмәр, кілемдер, зергерлік бұйымдар және басқа да көптеген тауарлар ұсынылады.
Комментарии