Қазақстан Ресейден жасырынған сепаратистті экстрадициялауды сұрайды

1757
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы сепаратизм мен ұлтаралық араздықты қоздырды деп айыпталған Қазақстан азаматы Максим Яковченконы экстрадициялау мақсатында ресейлік мекемеге сауал жолдаған. Бұл туралы «Мой город» порталы жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

10 тамызда жариялаған ақпаратқа сәйкес, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы әлеуметтік желідегі жазбалар бойынша Орал мен Қазақстанның басқа да қалаларын Ресейге көшіруге үгіттеген Максим Яковченконы экстрадициялау туралы өтініш берген. Қазіргі уақытта бұл өтініш Ресей Бас прокуратурасының қаралуында.

ҚР Ішкі істер министрлігінен алынған ақпаратқа сәйкес, елдің Бас прокуратурасы Яковченконы экстрадициялау туралы өтінішті наурыз айында жіберген. Бұл сұрау әлі тексеру сатысында. Сепаратизмге айыпталған сотталушы өткен жылдың 8 қыркүйегінде елден шығып кеткен, сол арқылы елден шықпау міндетін бұзған. Жауапты лауазымды тұлғалар заңды жауапкершілікке тартылды.

Максим Яковченконың «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде сепаратистік үндеулерді 2022 жылдың ақпан айында жариялағаны атап өтілді. Осыдан кейін бірден оған ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша айып тағылды.

Ер адам бұл іс бойынша Орал қалалық сотының сот отырысына келмеді, нәтижесінде оған іздеу жарияланды. Артынша Яковченконың елден шығуына шектеу қойылғанына қарамастан Қазақстаннан кетіп, Ресейге қашып кеткені белгілі болды.

Пікірлер