Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімін 2023 жылдың 21 қыркүйегіне дейін ұзартылды

1761
Adyrna.kz Telegram

Сот шешіміне сәйкес белгілі бизнесмен, мәслихат депутаты Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімін 2023 жылдың 21 қыркүйегіне дейін ұзартылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

«Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылы 16 тамыздағы ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Қ-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін ұзартуын санкциялау туралы өтініші қанағаттандырылды. Яғни 2023 жылдың 21 қыркүйегіне дейін», - делінген сот хабарламасында.

Орай келгенде айта кетейік, 2022 жылдың 24 сәуіріндегі сот қаулысымен тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылған болатын.

Қайрат Құдайбергенге қатысты әрекетті саралау туралы қаулы шығарылғанға дейін оны 30 тәулік мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілген болатын.

Еске салайық, Қайрат Құдайбергеннің ұсталғаны туралы ақпарат былтыр 22 сәуірде белгілі болды.

Қайрат Құдайбергеннің Дикий Арманмен бірге адам жинауды ұйымдастыруға қатысқаны айтылады.

Қайрат Құдайберген «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевпен жаппай тәртіпсіздік кезінде бірге болғанын, сол күні қандай жағдай болғанын айтып берген еді.

6 қаңтар күні күндіз Арманмен бірінші рет Тәуелсіздік алаңында кездестік және бірге тұрып адамдарды сабырлыққа, провокацияға берілмеуге шақырдық. Арман адамдарды тек бейбітшілік митингке, Үкіметпен сөйлесуге шақырды. Бірақ провокаторлар пайда болып, оны алаңның басқа жағына алып кетті, мен тұрған орнымда қалдым. Қасыма елдің ішінде жүрген бірнеше жігіт келіп, «Аға, мына жердегі провокаторлар сізді өлтіріп кетуі мүмкін, сізді көлігіңізге дейін шығарып салайық» деді. Оларға мың да бір рахмет! – деп жазды депутат.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер