Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тұңғыш басшысы өмірден өтті

2716
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/08/img_2709.jpeg
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тұңғыш басшысы Болат Баекенов өмірден өтті. Қайғылы хабарды Мемлекеттік күзет қызметінің баспасөз қызметі жеткізді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Басқарма еліміздің арнаулы мемлекеттік органдарының ардагері генерал-лейтенантының ұзаққа созылған науқастан қайтыс болғанын мәлімдеді. Болат Әбдірахманұлы әр жылдары Ұлттық қауіпсіздік комитетін, Ішкі істер министрлігін басқарды, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болды. 1997-2001 жж. генерал-лейтенант Болат Баекенов президент күзет қызметінің бастығы қызметін атқарып, оның дамуына үлкен үлес қосты.
«Мемлекеттік күзет қызметі генерал-лейтенант Болат Баекеновтің қайтыс болуына байланысты оның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Болат Әбдірахманұлының жаны жәннатта болып, нұры пейіште шалқысын. Қазаның арты қайырлы болсын»,—деп жазды басқарма.
Комментарии