Қазақстанда Kia зауыты салынады

3164
Adyrna.kz Telegram

25 тамызда Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр ТМД елдеріндегі Kia корпорациясының президенті Санг Гвон Джонгпен Қазақстан-Корея өнеркәсіптік ынтымақтастығын нығайту мәселелері бойынша кездесу өткізді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында еліміщде «Kia Qazaqstan» бірлескен кәсіпорнын құру бойынша құрылтай құжаттарына қол қойылды. Ол Қостанай қаласында брендтің жаңа зауытының құрылысына, еліміздегі автоөнеркәсіптің жергілікті орталығының пайда болуына және жаңа форматтағы техникалық мамандарды даярлауға жетекшілік ететін болады.

Инвесторлар жобаға 90 млрд теңге салады.

«Жаңа Kia зауытында өндірістің толық кезеңі 2025 жылы ашылады деп күтілуде. Оның өндірістік алаңы 85 мың шаршы метрден асады, 1500-ге жуық жұмыс орнын құру жоспарланып отыр»,—деді басқарма.

Пікірлер