Су ма, шу ма? Тоқаев қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайды реттеуді тапсырды

1764
Adyrna.kz Telegram
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке қазақ-қырғыз шекарасында болып жатқан қолайсыз жағдайды реттеуді тапсырды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.  

Ақорданың Telegram арнасында жарық көрген 26 тамызындағы хабарламада:

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайды екі ел арасында қалыптасқан серіктестік және бауырластық қарым-қатынас аясында реттеуді тапсырды", делінген.

Тоқаев сонымен қатар шекара қызметіндегі заңсыздықтарға жол бермеу үшін жаңа технологияны кеңінен қолдану қажет екендігін атап өтті.

Осы аптаның басында Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында 370 жүк көлігі кезек күтіп тұрғаны белгілі болды. 22 тамызда Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев өз министрлігіне коммерциялық жүктерге қатысты өз министрлігіне ешқандай тапсырма жүктелмегенін мәлімдеді. Өз кезегінде ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті қазақ-қырғыз шекара учаскесі штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын нақтылады.

24 тамызда Еуразиялық экономикалық комиссияның мониторинг тобы қазақ-қырғыз шекарасында болып, қырғыз халықаралық тасымалдаушыларының автожол өткізу бекетінің қызметімен танысты.

Орайы келгенде айта кетейік, биылғы қуаңшылық салдарынан бір өзеннен су ішкен қос елдің тұрғындары дүдәмал күйге күсті. Көрші елдің билігі Қырғызстанның өзінде су қалмаса да, шарттың бір бөлігін орындадық деп мәлімдеді. Сонымен қатар, су тапшылығын танытқан қырғызстандық азаматтың видеосы әлеуметтік желіде тарады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер