Қарағандыда уланған тағы бір бала қайтыс болды

2216
Adyrna.kz Telegram

Қарағандыда уланған балалардың тағы бірі қайтыс болды, деп хабарлайды “Адырна”.

1 тамызда «Қарағанды ​​облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында» ҚМУ-да жаппай уланған балалардың тағы бірі қайтыс болды.

«Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының балалары Қарағандыдағы ауруханаларда ем алуды жалғастыруда. Алайда дәрігерлер қанша тырысқанымен бір науқасты аман алып қалу мүмкін болмаған. Көпсалалы қалалық балалар ауруханасында жатқан 2012 жылы туған бала 28 тамызда қайтыс болды. Баланың жағдайы бастапқыда өте ауыр болды. Терапияның тактикасы үнемі республикалық мамандармен талқыланды. Өлім себебі - жүрек жеткіліксіздігі. Тағы бес бала жансақтау бөлімінде жатыр. Олардың жағдайы тұрақты және ауыр», - деп хабарлады Қарағанды ​​облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, 1 тамызда Қарағанды ​​облысының әкімдігі улану салдарынан «Қарағанды ​​облысының балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-нің алты баласының жансақтау бөлімінде жатқанын, тағы бір баланың қайтыс болғанын хабарлаған болатын. Қылмыстық іс қозғалып, мекеме басшысы жұмыстан шеттетілді.

Пікірлер