Kitap Fest Almaty 2023 кітап фестивалінің келушілерін не күтеді

5606
Adyrna.kz Telegram

KitapFest кітап фестивалі-ең ауқымды мәдени-бұқаралық оқиға. 2014 жылдан бері өткізіліп келе жатқан KitapFest республикалық деңгейдегі алғашқы кітап фестивалі болып табылады. 9 жыл ішінде ол танымал қазақстандық авторлар мен баспалардың қатысуымен 200-ден астам кітаптың тұсаукесерін өткізген шығармашылық жазушылық кездесулер үшін беделді және қуатты алаңға айналды.

2023 жылғы KitapFest Almaty фестивалінің тақырыбы:  «Ұлттық әдебиет. Ұлттық тіл. Ұлттық дәстүрлер». Келушілерді ауқымды мәдени бағдарлама, Досым Сәтбаев, Елдос Тоқтарбай, Бейбіт Сарыбай, Смағұл Елубай, Абылай Юсупов, Әсел Сапақова және басқа да көптеген танымал тұлғалармен кездесу күтіп тұр. Сондай-ақ, «Менің алғашқы ертегілерім», «Как оседлать единорога?», «Tarmaqtar» және т.б жаңа кітаптардың тұсаукесері өтеді.

KitapFest Almaty 2023 аясында:

  • «Жазушылар шатыры». Кітаптар тұсаукесері, авторлар мен жазушылармен сұхбат.
  • «Кітаптар жайлы Offline». Қоғам қайраткерлері мен танымал блогерлердің кітап оқудың пайдасы және олардың сүйікті шығармалары туралы пікірлері және т.б.
  • «Жазу өнері және шығармашылық үдеріс». Жас жазушылар мен баспагерлерге кітаптарды насихаттау құпиялары, авторлық құқықты қорғау туралы семинарлар мен дәрістер.
  • «Қазақ қаламгерлері». Қазақ тілді жазушылар мен ақындармен сұхбат.
  • «Оқырман ұлттың ұрпағымыз» көрмесінде жазушылар мен ақындардың мұрағаттық фотосуреттерінен фотоколлаж ұсынылады.
  • Миниатюралық кітап көрмесі. Қазақстанның Ұлттық академиялық кітапханасымен бірлесіп сирек кездесетін кітаптар көрмесі.
  • Кітап жәрмеңкесі. Кітап дүкендері, баспагерлер және интернет-дүкендер өз кітап өнімдерін 20% - ға дейінгі жеңілдікпен ұсынады.
  • «Кітап алмасу». Өз сөреңізді әртүрлі жанрдағы қызықты кітаптармен толықтырудың бірегей мүмкіндігі.
  • Балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы. (Аниматорлар, ойын-сауық шоу-бағдарламасы, шеберлік сыныптары, бет бояуы, конкурстар).

 

 Фестивальде «Ауылға кітап» дәстүрлі акциясы өтеді, онда кез-келген адам кітапты Қазақстанның ауылдық кітапханаларына тапсыра алады.  Сондай-ақ, алматылықтарға 5000 тегін кітап таратылатын бірегей «Кітап лабиринті» құрылады.

Өтетін күні мен уақыты:  9 қыркүйек, 2023 жыл, сағат: 11.00-19.00. (кіру тегін)

Өтетін орны: Алматы қаласы, Арбат алаңы

Ұйымдастырушылар: Алматы қаласы әкімдігінің Мәдениет басқармасының қолдауымен «BAURZHAN foundation» қоры және Алматы қаласы орталықтандырылған кітапхана жүйесі.

 

 

Пікірлер