Медицина қызметкерлерін соққыға жығу қалыпты жағдайға айналып барады - депутат

1805
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

«АМАНАТ» партиясы фракциясының мүшесі Гүлдара Нұрымова Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсеноваға, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке медицина қызметкерлерін кәсіби шағымдардан қорғау мәселесі бойынша депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Депутат медицина қызметкерлерін қорғау үшін заңнамалық шараларды қабылдау қажет деп санайды. Сондай-ақ, ол дәрігерлерді науқастардың шабуылынан қорғауды талап етуде.

Гүлдара Нұрымова Талғар орталық аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде болған, қайтыс болған науқастың ұлдары реаниматолог-анестезиолог пен медбикені ұрып-соққан оқиға туралы айта кетті. 

«Алматы облысында ұрып-соғу, пышақпен шабуыл жасау, тіпті Алматыда науқас гастроэнтерологқа оқ тиіп, өлімге дейін бару жағдайлары бұрын да болды. Медицина қауымдастығы өлім туралы хабарлау психологиялық және эмоционалды күйзеліс тудыруы мүмкін екенін түсінеді. Бірпқ біз дәрігерлердің құдіретті емес екенін ұмытпауымыз керек. Өкінішке қарай, дәрігердің тәжірибесі мен мәртебесіне қарамастан, алдын алуға болмайтын жағдайлар мен процестер бар. Мен дәрігер ретінде сізге айтайын, дәрігер науқасқа өлім тілемейді.

Күн сайын дәрігерлер жұмысында дөрекілікке, балағат сөздерге және жиі агрессивті шабуылға ұшырайды», - деді депутат.

Ол бір ғана Алматы облысында үнсіз қалуды немесе жұмыстан шығуды қалайтын медицина қызметкерлерін айтпағанда, жедел жәрдем қызметкерлеріне шабуыл жасаудың 12 оқиғасы тіркелгенін атап өтті. Бұлай жалғаса берсе жақын арада адамдарды емдейтін ешкім қалмайды, деді Гүлдара Нұрымова.

«Бізді не күтеміз, әріптестер? Туыстары мен науқастардың өздері тарапынан медицина қызметкерлеріне қарсы зорлық-зомбылық көрсету елімізде қалыпты жағдайға айналып барады. Осыған байланысты Талғар ауданында орын алған заңсыз әрекеттерге әділ баға берілуі керек деп есептейміз. Ал кінәлілер Қазақстан заңы бойынша барынша жазалануы керек.

Екіншіден, Денсаулық сақтау министрлігі қоғамда медицина қызметкерлерін қорлауға мүлдем төзбеушілік жөнінде түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруы керек», - дебі Нұрымова.

Сондай-ақ, депутат медицина қызметкерлерін қорғау үшін заңнамалық шараларды қолға алатын уақыт жетті деп есептейді.

Пікірлер