704 адам деструктивті ағымнан бас тартты - ҚМДБ

1802
Adyrna.kz Telegram

Сәрсенбі күнгі жолданған дінге қатысты депутаттық сауалдарға ҚМДБ жауап берді. Олар қазіргі таңдағы діни ахуалға қатысты статистикалық мәлімдеме жасады, деп хабарлайды "Адырна" порталы. Бұл туралы Facebook желісінде ҚМДБ баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы жазды.

Діни басқарма депутаттық сауал жолдаған депутаттардың негіз қойған мәселелері қарауда екенін мәлімдеді. Жыл басынан бері мүфтият бес бағыт бойынша жұмыстарға басымдық беретінін жариялады. Олар – дін мен дәстүр, ізгі қоғам, ихсан және насихат, діни оқу-ағарту, жат діни ағымдардан сақтандыру.

Әр бағыт бойынша жасалып жатқан жұмыстардың сандық нәтижесімен бөлісті ол.

Соның ішінде жат діни ағымдардан сақтандыру бағыты бойынша түрлі шаралардың жүзеге асып жатқанын жазды:

"Жат діни ағымдардан сақтандыру бағыты. Жастарды деструктивті діни ағымдардың теріс идеологиясынан сақтандыру – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының негізгі жұмыс бағыттарының бірі. Бұл – барлық мүфтиден бері жалғасып келе жатқан асыл міндет. Мүфтияттың діни оңалтуға жауапты мамандары өткен жылы қоғамдық орындар мен түзеу мекемелерінде 9928 жеке ықпал ету акцияларын (жеке кездесулер) жүзеге асырды. Жұмыс нәтижесінде жалпы 1477 адамға оң ықпал жасалды. Атап айтқанда, 773 адам қазақстандық қоғам құндылықтарына бейімделді және 704 адам деструктивті діни ағым идеологиясынан бас тартты" делінген мәлімдемеде.

Пікірлер