Яндекс NIS-те

8671
Adyrna.kz Telegram

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында Яндекс бағдарламалау мектебінің ресми ашылуы өтті. Курс тыңдаушыларын ақпараттық технологиялар саласындағы ірі компаниялардың бірінің өкілдері ресми түрде құттықтады.

20 мектеп оқушысы бір жыл бойы бағдарламалауды тегін оқитын болады. Бақытты жандардың бірі – Талдықорған қаласындағы Зияткерлік мектебінің  9-сынып оқушысы Байтас Құрмантаев.

 IT бағыты мен үшін әрқашан қызықты бағыттардың бірі. Яндекстің Python тілінде бағдарламалау негіздері курсы маған тәжірибе, білім және болашақта әзірлеуші ​​болу жолында ілгерілеушілік беретіні сөзсіз, — деп Байтас өз пікірін білдірді.

Қазақстан Республикасы бойынша GR Yandex компаниясының басшысы Сұлтан Бижановтың айтуынша, Яндекс білім беру бастамасы – бұл технологияның көмегімен елдегі білім беру ортасын жақсарту бағдарламасы болып келеді.

«Billing 360» сервисінің әзірлеушісі Дастан Иемберген оқушыларға бағдарламаны меңгеруге көмектеседі. Дастан Талдықорған Назарбаев Зияткерлік мектебінің 2015 жылғы түлегі. Бүгін ол Яндекстің табысты IT маманы.

Туған жерге дарынды оқушыларға тәлімгер ретінде қайта оралғаныма қуаныштымын. Мен Назарбаев Университетінде үшінші курста оқып жүргенімде Яндекс лицейінде сабақ беру тәжірибем болды. Бағдарламалау курсының биыл Талдықорғанда ашылғанына өте қуаныштымын», - дейді Дастан сұхбатында.

Курс түлектері бағдарламалау мектебін аяқтағаннан кейін Яндекс Лицей-де онлайн форматта әрі қарай айти-саласында оқуын жалғастыра алады. Оқушыларға Go немесе Мамандану: ойындарды әзірлеу, деректерді талдау, машиналық оқыту немесе Django-да веб-әзірлеу бойынша жаңа курстарын таңдауға мүмкүншілік беріледі.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер