Қазақ тілін “мәмбетше” деп кемсіткенге қатаң үкім шығарылады

4143
Adyrna.kz Telegram

Алматы полициясы қазақ тілін қорлап, ұлт араздығын туғызғаны үшін желі қолданушысының үстінен қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Күдікті қазақ тілін «мәмбетше» деп атаған.

Әйел әлеуметтік желілердің біріндегі тікелей эфирде қазақ тілін ұнатпайтынын ашық айтып, қалаға көшіп келген ауыл тұрғындарына тіл тигізген.

Маған қазақ тілі ұнамайды, сондай мәмбетше тіл ғой. Ауылдан келген мәмбеттер жынымды келтіреді, солардың кесірінен қаламызда жол тығыны болады. Маған қазақ тілі ұнамайды. Қырғыз тілі де, қазақ тілі де мәмбетше тіл, деген алматылық әйел.

Алматы полициясының мәлімдеуінше, күдіктіге «Қазақстан заңнамасына сай шара қолданылады». Қазақстанда ұлт араздығын туғызған адам жеті жылға сотталуы мүмкін.

 

Пікірлер