Алматыда бірінші жартыжылдықта шағын және орта кәсіпорындардың өндірісі 8,6 %-ға өсті

829
Adyrna.kz Telegram
stylishbag.ru
stylishbag.ru

Бүгінгі күні оңтүстік астанада кәсіпкерлік әлеуеті жоғары. Соңғы 9 айдың қорытындылары аталмыш салада ілгерлеудің бар екенін көрсетуде.

Алматы қалалық Кәсіпкерлік басқармасының мәліметінше, бірінші жартыжылдықта  жартыжылдықта шағын және орта кәсіпорындардың өндірісі 8,6 %-ға өскен.  Ал белсенді ШОБ субъектілерінің саны 25,8%-ға өсіп, 341 мыңға жеткен жайы бар.

Әкімдік тарапынан кәсіпкерлерді қолдау ісі жүйелі түрде жүргізілуде.  Мысалға, биылдың өзінде ШОБ субъектілерін субсидиялау, кепілдік беру және несие беру арқылы қолдауға 49,4 млрд теңге бөлінді. 2023 жылдың соңына қарай жалпы өңірлік өнімге ШОБ үлесі 60%-ға дейін артады деп күтілуде.

Бұл өз кезегінде Алматының қысқа мерзімді экономикалық индикаторының өсуіне ықпал еткен жайы бар.  Аталмыш салада көрсетіш 13,5 пайызға жоғарлаған. Тіпті, елдегі өңдеу өнеркәсіінің ең жоғары өсу қарқыны Алматы қаласына тиесілі.  Мұндағы көрсеткіш 21%-көрсетуде.

Жауаптылардың сөзіне сүйенсек, автомобильдер өндірісін, тамақ және фармацевтика өнеркәсібін ұлғайту есебінен оң динамикаға қолжетті. Нақтылайтын болсақ, сауда саласы 14,5% – ға, оның ішінде бөлшек сауда саласы – 6,5% - ға, көтерме сауда саласы-17,4% - ға өсті. Байланыс қызметтері 3,3% – ға, көлік және қоймалау 9,5% - ға ұлғайды.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар 1 трлн теңгеден асып, жеке инвестициялар 7,3% - ға дейін артты.

 

Пікірлер