Ердоған Тоқаевқа TOGG электромобилін сыйға берді

2508
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/11/img_5399.jpeg
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитіне қатысқан Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоғанға ілтипат білдіріп, елорда әуежайынан шығарып салды. Бұл туралы Ақорда жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Режеп Тайып Ердоған өзара құрметтің белгісі ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түркияда шығарылған TOGG электромобилін сыйға тартты. Сондай-ақ президентке жаңа электрокарды өзі таныстырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанға алғыс айтып, әріптесін TOGG электромобилінің өндірісін табысты іске қосуымен құттықтады.
Комментарии