Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитіне қатысқан Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоғанға ілтипат білдіріп, елорда әуежайынан шығарып салды. Бұл туралы Ақорда жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Режеп Тайып Ердоған өзара құрметтің белгісі ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түркияда шығарылған TOGG электромобилін сыйға тартты. Сондай-ақ президентке жаңа электрокарды өзі таныстырды.Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанға алғыс айтып, әріптесін TOGG электромобилінің өндірісін табысты іске қосуымен құттықтады.

Related news
Villagers do not participate in TV rating research. That is why the life of Kazakh programs is short.
