Депутат Мұқаев: Жастар бағдарламамен де үй ала алмай жүр, басқа альтернатива бар ма?

1293
Adyrna.kz Telegram

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев жалдамалы пәтер мәселесін көтеріп ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Бисимбайұлына сауал жолдады, деп жазады "Адырна" порталы. 

22 қараша күні Мәжілістің кезекті отырсында депутат Дәулет Төлеутайұлы кезекті рет баспана тақырыбын көтеріп, жастардың жалдамалы пәтер мәселесін талқыға салды.

"Астана, Алматы Шымкент қалаларында 5 жылға жастарға жалдамалы пәтер берілген болатын. Сол бес жыл уақыт аралығында оларға ақша жинау мүмкіндігі берілген. Бірақ сол уақыт пандемияға сәкес келіп қалды. Оның үстіне елдегі жастар санаты 35 жасқа дейін өсті. Кезекте тұрған азаматтар кезектен шығып кетті. Қазір сол жастар әкімдіктің есіктерін тоздыруда. Сіздердің тараптарыңыздан ешкім келіп, ештеңе түсіндірмеді. Міне бес жыл өтті, сол жастарымыз қайда барады. Сол жалдамалы пәтер бағдарламасын неге ипотекалық, үй алу бағдарламасына алмастырмасқа?" деді ол кулуарда.

Алайда, мемлекет жұмыс істей алатын жастарға емес, жұмысқа жарамсыз халыққа көңіл бөлуі керек деп есептейді екен өнеркәсіп және құрылыс министрі:

"Біріншіден бұл аяққа тұрып алмақ ниеттегі жастарға арналған бағдарлама. Яғни сол бес жыл уақыт аралығында олар қаражат жинап үлгеруі тиіс.  Меніңше, мемлекет позициясы бұл тұста қатаңдау болғаны дұрыс. Егер сол пәтерде тұрып жатқан дені сау, мүмкіндігі көп, жастарды жартылай жетім, мүгедек, мүмкіндігі шектеулі жандармен салыстырғанда біз әлеуметтік қолдауды соларға бұруымыз қажет. Мемлекет тарапынан приоритет жағдайы нашарларға қойылуы тиіс" деп жауап берді Қанат Бисимбайұлы.

 

Пікірлер