Алматыда алғашқы медициналық-санитарлық көмектің жаңа стандарттары енгізілуде

9138
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/98bb1e28-acc1-4eb6-8de5-132a84f29551.jpeg
Медициналық қызметтердің сапасын арттыру үшін 2023 жылы МСАК (алғашқы медициналық-санитарлық көмек) жаңа бірыңғай стандарт енгізу басталды. Бұл туралы ОКҚ брифингінде қала әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді. Жаңа стандарттар бойынша Әуезов және Жетісу аудандарында 2 МСАК орталығы және 1 жаңа емхана ашылды. Тағы 4 МСАК орталығының құрылысы жүргізілуде, сондай-ақ 11 МСАК орталығы мен емханалардың құрылысына ЖСҚ әзірленуде. 4 жаңа стационар салуға, 5 қолданыстағы аурухана мен 5 жедел медициналық көмек қосалқы станциясын жаңғыртуға ЖСҚ әзірлеу басталды. Кадрлық әлеуетті арттыру үшін республиканың ғылыми орталықтарының базасында, Германия, Израиль, Түркия клиникаларында 3 340 дәрігер қайта даярлаудан өтті. Резиденттер үшін 136 грант, орта медициналық персонал үшін 1 116 грант бөлінді. Жалпы, денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 2023 жылғы 36,5 млрд. теңгеден 2024 жылы 41,0 млрд. теңгеге дейін 12,3% - ға ұлғаяды. Алматыда МСАК бірыңғай стандарты қала басшысы Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибе негізінде әзірленді. Ол медициналық көмек көрсету регламенттеріне, жобалық-технологиялық шешімдерге, цифрландыруға және емханалардың менеджментіне 4 негізгі критерий бойынша түбегейлі өзгерістер енгізуді көздейді, олар: қолжетімділік, сапа, технологиялылық және жайлылық.
Комментарии