2023 жылдың үздіктері анықталды

9680
Adyrna.kz Telegram

«Адырна» ұлттық порталы халық даусымен 2023 жыл бойынша өз саласында үздік деп танылған майталмандарды анықтады. «Жыл үздіктерін» анықтау бірнеше жылдан бері Facebook желісінде сауалнама арқылы жүргізіліп келеді. Биыл да сол дәстүр бойынша жаңа “үздіктер” тізімін әзірледік. Сауалнама “Шынның жүзі” Facebook парақшасында өтті.

Сонымен нәтиже төмендегідей.

«2023 жылдың үздік министрі» атағын ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев иеленді. Ол бұл қызметке 2023 жылғы қаңтардан бастап кірісті. «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

«2023 жылдың үздік депутаты» атағына Қазыбек Иса лайық деп танылды.

“Ақ жол” партиясы депутаты Қазыбек Иса Мәжіліс мінберінен ұлттық құндылық, ел, жер және мемлекеттік тіл мәселесіне қатысты өткір де өзекті тақырыптарды қозғап жүргенімен белгілі.

«2023 жылдың үздік әкімі» - Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев болды.

Нұрлыбек Машбекұлы «Құрмет», «Парасат» ордендеріне және “Қазақстанның құрметті құрылысшысы” атағына ие.

«2023 жылдың үздік экономисі»- Мұхтар Тайжан болды.

Мұхтар Тайжан халық арасында ашықтығы мен түрлі қаржылық сараптамаларымен есте қалды.

«2023 жылдың үздік саяси сарапшысы» атауына Досым Сәтбаев лайық деп танылды. Ол биыл түрлі саяси зерттеулер жүргізіп, ашық пікір білдіріп, маңызды өзгерістерді қалт жібермей ел жадында қалды.

«2023 жылдың үздік журналисі» атағын Ерқанат Көпжасар иеленді. Ұлттық арнаның “Ашық алаң” бағдарламасының жүргізушісі халық арасындағы түрлі тақырыптарды қозғап белсенділік танытты.

«2023 жылдың үздік заңгері» атағын Бақытжан Базарбек алды.
Бақытжан Жұмабекұлы VIII сайланған
ҚР Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі. Мәжіліс мінберінен Заң бағыты бойынша маңызды мәселелерді қозғауымен есте жүрген елеулі депутаттардың бірі.

«2023 жылдың үздік актері» - Дариға Бадықова болып танылды. Сауалнама нәтижесі бойынша бірінші орынды иеленген Дариға Бадықова биыл төл туындысын ұсынып, аз уақыт ішінде миллиардтан астам қаражат жинаған танымал актриса. 

Соңғы номинация «2023 жылдың үздік блогері» атағы бойынша халық Ырысбала Икрамбайды ілгерілетті.

Ырысбала Икрамбай халық жанашыры ретінде танымал блогер. Ол бірнеше қазақстандықтарға баспана сыйлап, өзінің қайырымдылық қорын белсенді жүргізуімен ел есінде.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер