"Бұл қандай дауыс беру?" - Кеңдала ауылындағы қоғамдық тыңдауда шу шықты

1207
Adyrna.kz Telegram
talgar_akimat
talgar_akimat

kris_p_talgar парақшасында жарияланған видеода Алматы облысындағы Талғар қаласымен шектесетін Кеңдала ауылының жаңа бас жоспар мәселесі талқыланған қоғамдық тыңдаудың соңы «заңсыздыққа» ұласты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Видеода жергілікті билік Кеңдала ауылдық округіндегі саяжайларға ауыл мәртебесін бергісі келетіні, сондықтан тұрғындарға жаңа бас жоспар ұсынғаны айтылған. Алайда, үйлері сүрілетін тұрғындар өтемақы мөлшерін нақты айтпағандықтан, мұнымен келіспейді.

Бұл мәселе талқыланған бірінші тыңдау емес екені хабарланды. Бірақ бұл жолы шараны ұйымдастырушылар «дауыс беруді кәдімгі таза парақтарда өткізуге шешім қабылдады». Бөлмедегі кез келген адам дауыс бере алады. Ал мұндай маңызды кездесу туралы оларға бір күн бұрын ғана хабарланған.

Бейнежазба авторлары кездесуде саяжайларға еш қатысы жоқ адамдар жиналғанын алға тартады. Ал кейбір жеке тұлғалардың әрекеті арандатушылық деп аталады.

"Адамдар келді, олардың көпшілігі саяжай аймағындағы жылжымайтын мүліктің иесі емес. Неліктен олар шешім қабылдап, қол қояды? Бұл қандай дауыс беру? Неліктен ел үкіметінің атынан шыққан адамдар меншік иесінің құқығын бұзады?" – деп таңғалды комментаторлардың бірі.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер