“Халық сізді қолдағалы отыр”. Жазушы президентке тағы сайлауға түсуді ұсынғанын айтты

4292
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/01/c02d81d6-1112-4f1a-9973-0e96245bf517.jpg

Жазушы, драматург Дулат Исабеков президентке екінші мерзімге сайлауға түсуді ұсынғанын айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы жазушы «Adal adam» ютуб-арнасына  берген сұхбатында айтты. "Кейде Тоқаевтың кейбір идеяларының жүзеге аспай қалатыны экс-президенттің әсері ме деп топшылап ойлаймын. Маған "Еңбек ері" атағын берген кезінде сөз сөйлеп, 30 жылдық олқылықты сіз ғана жоясыз, тағы жеті жыл билікте қалам десеңіз, халық қолдағалы тұр", - деп қолдау білдіргенін атап өтті Исабеков. Айта кетейік, Конституция бойынша бір адам президент болып 7 жылдық бір-ақ мерзімге сайлана алады. Сондай-ақ, жазушының сөзінше, еліміздің 30 жылда жеткен әдебиет пен мәдениеттегі жетістіктерін атап өту қиын. Шет мемлекеттермен салыстырғанда біздің елдің театрларының деңгейі биік сияқты. Бірақ танылмай жатыр. Қазақстанның өзі енді-енді танылып келе жатыр.

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии