Астанада ұзақ мерзімді құрылыс нысандары – 10 тұрғын үй кешені аяқталады. Бұл туралы елорда әкімі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Әкім «Араби 2 - Гранитный 2» тұрғын үй кешені, «Арыстан», 4-квартал, «Future home» сияқты ұзақ мерзімді құрылыс нысандарының құрылыс барысымен танысты. «Бұл тұрғын үй кешендерінің 12 жылға жуық тарихы бар. Мәселен, Араби 2 - Гранит 2 тұрғын үй кешені сонау 2013 жылы проблемалы деп танылды. Мұнда 200-ге жуық отбасы пәтер кілтін күтіп отыр. «Future home» тұрғын үй құрылысы да 2013 жылы басталған. Нысан ОКҚ-ға берілген кезде 4 және 7 қабаттар салынды»,Новости по теме
”Адырна” ұлттық порталы