Заманбек Нұрқаділовтің ескерткіші қай жерге қойылатыны айтылды

3276
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/01/a85bd751-426e-4663-8ddb-f5eea965aab6-960x500.jpeg?token=7607213df85df6e86a44823184d3add3
Алматы облысы Кеген ауданында қоғам және мемлекет қайраткері Заманбек Нұрқаділовке ескерткіш орнату жұмыстары аясында басқосу өтті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Жиын барысында Заманбек Қалабайұлына қойылатын ескерткіштің орнын белгілеу, ескерткіштің жер учаскелерін таңдау схемаларының орналасуы туралы сөз қозғалды. «Көпшіліктің пікірін ескерілді. Кеген ауылында жаңадан бой көтеретін Кеген өнер мектебінің алдынан саясаткердің ескерткішін орнату жоспарланып отыр»,—деп мәлімдеді аудан әкімдігінің баспасөз қызметі. Еске салайық, 15 қаңтарда Заманбек Нұрқаділовтің туғанына 80 жыл толуына орай ас беріліп, Құран бағышталған еді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев асқа орай хат жолдап, қоғам қайраткеріне ескерткіш орнату қажет екенін айтты.
Комментарии