Бір ғасырға жуық. Шымкентте тозығы жеткен сейсмологиялық станцияның ғимараты жаңарады

1841
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/01/whatsapp-image-2024-01-28-at-09.30.57.jpeg
Шымкентте тозығы жеткен сейсмологиялық станция жаңартылады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Kazinform-ға сілтеп. Үшінші мегаполистің сейсмологиялық станциясы 1927 жылдан бері өзге ғимаратқа ауыстырылмаған.
Сейсмикалық деректерді жинау, талдау, өңдеу, жер сілкінісі ошақтарының класын, магнитудасын және бағытын анықтау жұмыстары жүргізілетін бекетте 3 қызметкер жұмыс істейді. Бір ғасырға жуық тарихы бар тозығы жеткен ғимаратпен Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков «Шымкент» сейсмологиялық станциясының жұмысымен танысты. Мегаполис басшысы бекеттің жай-күйін көріп, жауаптыларға жаңа ғимарат салуға тапсырма берді. Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы елімізде 23 қаңтардан бастап 1900-ден астам жер сілкінісін тіркегенін айтты. Ал қазақстандықтар оның 11-ін сезген. Еске сала кетейік, 2024 жылғы 23 қаңтарда Алматы уақытымен 00 сағат 09 мин 02 секундта жер сілкінісі тіркеліп, жұртты әбігерге салған. Бұл апат Алматыда 5 балл болса, Шымкентте 2 балл тіркелген.
Комментарии