"Қазақ тілінде жауап береді". Қызылордалық оқушы жасанды интеллект ойлап тапты

2760
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/01/whatsapp-image-2024-01-28-at-12.21.14.jpeg
Қызылордалық жасөспірім жасанды интеллектіні қазақша сөйлетіп, бағдарлама ойлап тапты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі 24K.Z-ке сілтеме жасап. Қызылордалық оқушының ойлап тапқан "QAZAQGPT" жобасы шетелдік сарапшылардың да қызығушылығын тудырған. Асылжан Абдуллаев жасаған жобада кез келген сұраққа қазақ тілінде жауап алуға болады. Бұл Qazaq GPT-дің өзгелерден ең басты артықшылығы екен. 16 жастағы жасөспірім бұл бағдарламаны телефон қосымшаларынан пайдалануға болатындай етіп жасаған.
Рендел Брюнс деген Қазақстандағы АҚШ-тың стратегиялық эдвайзері бар. Сол кісінің алдында қорғаған болатынмын "Қазақ GPT"-ді. Өте керемет пікір берді. Одан бөлек менің ең биік жетістіктерімнің бірі жобалардың жаңашылдығы, қайталанбас жетістік, - деді оқушының өзі.
Тереңөзек кентіндегі мектеп оқушысының жобасы біршама байқауларда топ жарған. Асылжан Абудллаев мектеп қабырғасында оқып-ақ Астана IT университетінің грантын жеңіп алған. Сурет керек болса сурет салып, дыбыстап жауап беретін, мәтінді де қатесіз жазып, есеп шығара алатын бағдарламаның бүгінде 2 мыңнан аса қолданушысы бар.
Комментарии