Аумақты толық қамтыған тұңғыш сайлау өтіп жатыр

891
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Әзірбайжанда президенттік сайлауда дауыс беру басталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) төрағасы Мазахир Панахов сайлау учаскелерін сағат 08:00-ден бастап дауыс беруге ашық деп жариялады.

Президент лауазымы үшін "Ени Әзірбайжан" билеуші партиясынан президенттікке кандидат Ильхам Әлиев, өзін - өзі ұсынушылар Захид Оруж және Фуад Әлиев, Ұлттық фронт партиясынан кандидат Рази Нұруллаев, Ұлы жасампаз партиясынан - Фазиль Мұстафа, "Ұлы Әзірбайжан" партиясынан - Эльшад Мұсаев, Әзірбайжанның Бірыңғай Халық майданы партиясынан - Гудрат Гасангулиев таласуда.

Естеріңізге сала кетейік, сайлаушылар тізімінде 6 миллион 478 мың 623 адам бар. Олар бүкіл ел бойынша 6537 сайлау учаскесінде дауыс береді.

Сайлауды бақылау үшін 90 мыңнан астам бақылаушы тіркелген.

Тәуелсіз Әзірбайжан тарихында алғаш рет сайлау елдің бүкіл аумағын, соның ішінде жерді басып алудан босатылған аумақты қамтып отыр. Оккупациядан босатылған аумақтарда 26 сайлау учаскесі құрылды.

Пікірлер