Адамдар іздестіріліп жатыр. Алматыда лай көшкіні жүрді

1026
Adyrna.kz Telegram
Фото: ТЖД
Фото: ТЖД

Алматы қаласы Медеу ауданының Тау-Самал шағын ауданында техногендік сипаттағы топырақтың ылғалдануынан лай көшкіні жүрді. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Белгілі болғандай, оқиға туралы ақпарат 8 ақпанда сағат 02.20-да келіп түскен.

Министрліктің мәліметінше, суық сумен жабдықтау құбырының жарылуы салдарынан топырақ ылғалданып, кейін көлемі 3200 текше метр болатын лай көшкіні жүрген. Екі жеке тұрғын үйге, оның ішінде біреуіне ішінара зақым келген.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, үйлерде төрт адам, оның ішінде екі бала болған.

Көмекке"Қазселденқорғау" ММ, Алматы қаласының "109 құтқару қызметі" ММ, Республикалық жедел-құтқару жасағынан, Алматы қаласы ТЖД, ТЖМ 28237 әскери бөлімінен, жедел медициналық көмек бригадасынан, Медеу ауданының әкімдігінен 160-тан астам адам және 30 техника жұмылдырылды.

Сондай-ақ, жақын маңдағы үйлердің тұрғындары эвакуацияланды. Олар № 47 мектепке орналастырылды. Оларға түнеу орны, жылы шай және басқа да қажетті көмек көрсетілді. Жиналу пунктіне орналастырылғаннан кейін бірнеше сағат өткен соң, тұрғындар өз еркімен достары мен туыстарына кетті.

Дәрігерлер бригадасы кезекшілікті жалғастыруда. Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінің психологиялық тобы жұмыс істеп жатыр. Ықтимал зардап шеккендерді іздеу жалғасуда. Үйлердің жақын орналасуы, техниканы пайдалану мүмкіндігінің болмауы жұмыстарды қиындатып жатыр.

Сонымен қатар оқиға орнына Алматы әкімі Ерболат Досаев та барды. Төтенше жағдайға байланысты ол 8 ақпанға жоспарланған тұрғындармен кездесуін кейінге қалдырды. Ал құтқарушыларға іздеу жұмыстарын тоқтатпауды тапсырды.

“Басты міндет – іздеу-құтқару жұмыстары. Осы үйде тұрған адамдарды іздеу бойынша мобилизациялық топтың барлығы тоқтаусыз жұмыс істеуі қажет”, – деді қала басшысы.

Пікірлер