Ақмолада қалың қардың кесірінен мал қырылып жатыр

856
Adyrna.kz Telegram
КТК
КТК

Ақмола облысында аштықтан мал жаппай қырылып жатыр, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, қалың түскен қардан малшылар үйлеріне малдарын айдап бара алмай отыр. Ал жануарлар қалың қардың кесірінен аштықтан қырылып жатыр.

Жайылымдардың ауылдардан шалғай орналасуы жағдайды қиындатқан. жылқышылар аш малды үйлеріне қайтара алмаған, себебі жылқылардың жүруге күші жетпей отырған көрінеді.

Жергілікті тұрғындар осы жағдайға байланысты көмек сұрайды. Олардың айтуынша, арнайы техника жолды тазалап, тез арада шөп жеткізіп, қалған малды аман алып қалуға болады.

"Жылқылар өліп жатыр. Жағдай өте қиын. Ешқандай көмек жоқ. Бұл жағдай барлық жылқышылардың азабы. Көмек сұраймыз", - дейді жергілікті жылқышы Темірбек Ғалымов.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер