"Ескі Қазақстанның былығы". Журналистерге қысым көрсетілді

990
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Dala inside редакциясына қысым көрсетілді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Журналист Думан Бықай басқаратын редакцияның қызметкеріне қысым көрсетілуде. Нақтырақ,  бас редакторының үстінен "G-Park" құрылыс компаниясының басшысы Ғабит Сәтмағамбетовтың арызданған.  Dala inside бас редакторы Астана қаласы Полиция департаментіне тергеуге шақырылды. Бұл туралы алғашқылардың бірі болып Қуаныш Рахметоллаұлы дабыл қақты.
"Ескі Қазақстанның былығын, Нұр кланның артын ашып, әрқашанда дәлелмен дәйекке сүйеніп ақпарат таратып жүрген Думан Быкай басқаратын редакцияға қысым көрсетіле бастады.
"G-Park" құрылыс компаниясының басшысы Ғабит Сәтмағамбетовтың арызына сәйкес, DALA INSIDE бас редакторы Астана қаласы Полиция департаментіне тергеуге шақырылды.
Думанмен хабарластым. Әзірге Басы аман, дені сау.
DALA INSIDE өз тілшілерінің құқығын қорғау мақсатында "Әділ сөз" халықаралық қоры мен Қазақстан журналистер одағына жүгінбек", - деп жазды ол.
Қуаныш Рахметоллаұлы жаңа Қазақстанда тәуелсіз журналистің тергелуі Әділетті Қазақстан принципіне сай келмейтінін айтып, әділдік сұрайды.
Пікірлер