Талдықорғандық оқушылар Қатардағы БҰҰ моделінде

5448
Adyrna.kz Telegram

Талдықорғандағы физика-математика бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің делегациясы Қатардан оралды. Доха қаласындағы Джорджтаун университетінің ұйымдастыруымен өткен MODEL UNITED NATIONS XVI халықаралық конференциясында Зияткерлік мектеп оқушылары ел намысын қорғады.

Биылғы ауқымды жастар форумында 108 елден келген 650-ден астам қатысушы әлемдегі ең өзекті мәселелердің шешімін талқылау үшін БҰҰ-ның дипломаты болып көрінді.

Қазақстан командасының құрамында Семей, Алматы, Қостанай, Павлодар және Талдықорған НЗМ-нен 42 оқушы қатысты.

Конференция нәтижесінде Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы Ескендір Жансеңгір Джорджтаун университетінің бас хатшысы Nagla Abdelhady, сондай-ақ GU-Q білім беруді дамыту жөніндегі менеджері Jibin Koshy атынан «Үздік дипломатиялық шеберлігі» номинациясымен марапатталды.

 Әрине, бұл конференцияға қатысу маған үлкен тәжірибе әкелді. Ағымдағы проблемаларды талқылау кезінде әрбір адам дипломат болуды үйренеді, тілін дамытады, дәлелдерді қолдануды және белгілі бір шекарадан тыс ойлауды үйренеді. Кедергілерге кезіккенде шығармашылықты танытуға тырыстым, - деп Ескендір өз әсерімен бөлісті.

Бұл жастар конференциясына 12-сынып оқушысы Әмірлан Қайнарбеков екінші жыл қатысып отыр. Бұл жолы ол Ливан мемлекетінің делегациясын ұсынды. Сұхбатында ол конференциядағы тәжірибесі туралы да айтты.

Әртүрлі тақырыптар талқыланды: Мысырдағы баспасөз бостандығы, 2022 жылғы әлем чемпионатына дайындық кезіндегі жұмысшылардың құқықтарының бұзылуы. Конференция барысында талантты пікірсайысшылармен таныстым және өзімнің сыни көзқарасымды көрсете білдім. Жалпы, біздің қазақстандық оқушылардың дайындығы жоғары деңгейде болды деп толық мақтана айта алмын, - дейді Әмірлан.

Конференцияда мәдени кездесулер де болды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының моделі – халықаралық саясат пен дипломатия туралы білім алу үшін шетелдік дипломаттардың рөлдерін алатын Біріккен Ұлттар Ұйымының студенттік симуляциясы болып табылады.

Пікірлер