Жомарт Әлиев экология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды

1598
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/02/b7e17a326a44c4a154bdef7896bd097a_original.132538.jpg
Жомарт Әлиев Қазақстанның экология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеп.  «Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Жомарт Шияпұлы Әлиев Экология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды», - делінген сәрсенбіде тараған хабарламада. Әлиев 2023-2024 жылдары ҚР ҚОҚМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы, оған дейін 2023 жылы Экология және табиғи ресурстар министрінің кеңесшісі, одан бұрын – 2017-2022 жылдары келісімшарт бойынша «Қазақстандағы энергия тиімділігін арттыру» жобасы аясында «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ (Қазақэнергосараптама)» АҚ-мен жұмыс істеген. «Бұған дейін осы лауазымды атқарған экс-вице-министр Бекмағамбетов Досбол Боташұлы берілген өтінішке сәйкес қызметінен босатылды», - деп толықтырды министрлер кабинеті.
Комментарии