Шанхайдағы Нью-Йорк университетінен грант

5525
Adyrna.kz Telegram

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Әмірлан Қайнарбеков Шанхайдағы Нью-Йорк университетінде оқуға грант ұтып алды.

Нью-Йорк университеті қытайлық және халықаралық студенттер арасында ең танымал университеттердің бірі болып табылады. Ол әлемдегі ең үздік жүз университеттің қатарына кіреді және «Қытай басқару ғылым академиясының Қытай университетінің рейтингі» тізімінде 20-шы орында.

Әмірлан «Компьютерлік технологиялар» факультетінде оқуды жоспарлап отыр.

 Бұл гуманитарлық өнер университеті. Яғни, олар тапсыратын мамандықтардан бөлек, қызығушылық танытатын курстарды таңдауға мүмкіндік бар. Техникалық мамандықты таңдасам да, университет тарих, өзін-өзі тану сынды курстардан өтуге ынталандырады. Маған жан-жақты болу ұнайды. Кез келген маман өз саласында кәсіби білімі болуымен қатар, адамдармен жұмыс істей білуі керек деп есептеймін. Жалпы, әрқашан оқу керек. Сонымен қатар университет жақсы жағдай жасайды, оқу үлгерімі үшін ынталандырулар бар. Мысалы, сессия кезінде университеттің басқа филиалдарына, Абу-Дабиге, Нью-Йоркке баруға мүмкіндік бар», - дейді Әмірлан.

Неліктен «Компьютерлік технологиялар» факультеті?

 Маған жұмбақтар мен тапсырмаларды шешу өте ұнайды. Мен бәрін абстракциялауды, талдауды және шешімдерді іздеуді ұнатамын, бұл маған үлкен рахат әкеледі. Мен үшін процестің өзі маңызды», - деп түсіндірді біздің болашақ информатик.

Әмірлан сұхбатында таңғаларлық жайтты айтты.

Менің кумирлерім – мектебіміздің түлектері, Гарвардқа, MIT-ге түскен Антон Моргунов, Сезім Ертанатов, Нұрсұлтан Ерланұлы, Әмір Әбділдин – математика және информатика пәндері бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары. Антон Моргунов Лига Плюща университеттерінен ұсыныстар алған кезде мен 7-сыныпта оқитынмын. Мен қатты таң қалдым және бұл маған үлкен мотивация берді. Осының бәріне қол жеткізуге болатынын алғаш рет түсіндім. Мен де басқа оқушыларға үлгі болғым келеді деп нық шештім, - деп Шанхайдағы Нью-Йорк университетінің грант иегері Әмірлан Қайнарбеков сөзін түйіндеді.

 

 

Пікірлер