Қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан әйелін өлтірді деп айыпталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әкесі - Уәлихан Бишімбаетың көмегінің арқасында жазадан құтылып кетуі мүмкін екенін айтады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
22 ақпанда Бишімбаевтың адвокаттарға берген сұхбатында кісі өлтірмегенін айтып, өз кінәсін мойындамайтынын жеткізген. Осы мәселеге қатысты саясаткер Мұхтар Тайжан "адвокаттармен сұхбат - Қуандық Бишімбаевтың атын ағарту үшін жасалған үлкен науқанның бір бөлігі ғана" деп есептейтінін айтты. Ол бұл істің бастамашысы ықпалды депутат, академик және күдіктінің әкесі Уәлихан Бишімбаев екеніне сенімді. "Мен кісі өлтірушілердің өмірін сақтап қалған дәрігерлерді кінәламаймын. Бұл олардың кәсібі, міндеті және анты. Олар кез келген адамды емдеуге және құтқаруға міндетті. Мен сондай-ақ кісі өлтірушілерді қорғайтын адвокаттарды да кінәламаймын. Бұл да олардың кәсібі, міндеті, анты. Олар әрбір адамды қорғауға міндетті. Бірақ мен Бишімбаевтың әкесі, академик, лауреат, еңбек сіңірген қайраткер, ректор және "Нұр-Отанның"Новости по теме
"Адырна" ұлттық порталы