Адам өлтірудегі рекорд. Иранда бір жылда 834 өлім жазасына кесілді

870
Adyrna.kz Telegram
фото: Ratel.kz
фото: Ratel.kz

Иран билігі бір жылда 834 адамды өлім жазасына кескен, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

2023 жылы орын алған өлім жазасы соңғы сегіз жылдағы ең жоғары көрсеткіш болған.

Иран республикасының билігі тек 215 өлім жазасы туралы ақпаратты ресми түрде жариялады.  Бұл қатаң үкімдерді орындау фактілерінің жалпы санының 15% ғана құрайды.

2015 жылы ислам елінде 972 адам өлім жазасына кесілген еді.

Иран адам құқықтары (Iran Human Rights) ұйымы мен Франциядағы «Өлім жазасына қарсы бірге» ұйымы жасаған ортақ мәлімдемеде Иран режимі билікті сақтап қалу үшін халықты үреймен ұстауға ден қойғаны айтылуда. Иранның адам құқықтары жөніндегі жетекшісі Махмұд Әмір-Мұқадамның айтуынша, бұл тарапта өлім жазасы ең маңызды құралға айналған.

Дарға асылғандардың 167-сі негізінен сепаратистік әрекеті үшін айыпталғаны хабарланды.

"Қоғамнан қорқу — билікті сақтаудың жалғыз жолы, ал өлім жазасы — режимнің маңызды құралы", — деп түсіндірді Ирандағы адам құқықтары ұйымының директоры Махмуд Амери-Могаддам статистикаға.

Өлім жазасына кесілгендердің арасында екі кәмелетке толмағандар мен 22 әйел бар. Соңғы көрсеткіш 2013 жылдан бергі рекордтық көрсеткіш болып табылады.

Пікірлер