"Қаражатты заңсыз иемденген". Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Аргентинада ұсталды

1050
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері 196 миллион теңгеден астам қаражатты заңсыз иемденді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Ішкі істер министрлігі Интерпол ұлттық бюросының сұрауы бойынша іздеуде болған Андрей Хазбулатов Аргентинада ұсталды.

Оған өткен жылдың жазында қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігі “Бөтеннің мүлкін иемдену немесе жымқыру” бойынша халықаралық іздеу жарияланды.  Астана қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Хазбулатовқа іздеу салды.

Айта кетейік, Андрей Хазбулатов – философия ғылымдарының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Ол Қазақстанның 2050 жылға дейінгі мәдени саясатының тұжырымдамасы мен "Кинематография туралы" заңның авторлары мен әзірлеушілерінің бірі. Түркістан қаласын дамытуға рұқсат беру құжаттамасын дайындау бойынша ЮНЕСКО-ның халықаралық сараптау тобының мүшесі болған.

Пікірлер