ӨМІРХАН АЛТЫН: Жол мәселесі - ұлттық трагедия

841
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынған
Фото: видеодан алынған

Аса құрметті Президент мырза!

Елтаңба мен насыбай мәселелерінен бұрын, он мыңдаған қазақтың қырылуына себеп болған, масқара жағдайдағы жолдарға назар аударыңыз !

Бір адамның жалпы денсаулығы, жүріп-тұрып, дұрыс күнкөрісі үшін ол адамның қан тамырлары жүйесінің қалыпты қызметі қаншама маңызды болса, бір мемлекеттің экономикалық тұрғыдан алға басып, дамуы, тұрғындарының алдынғы қатарлы мемлекеттердің азаматтары сияқты ойдағыдай қауіпсіз рахат, бейбіт өмір кешулері үшін ол мемлекеттің қан тамырлары жүйесі болып саналатын жол жүйесінің де халықтың барша қажеттіліктеріне жауап бере алатын жағдайда болуы шарт.

Қазақстанда жолдардың тәуелсіздік алғаннан бері әлі күнге дейін жалғасып келе жатқан масқара жағдайы Қазақ Елінің тек ғана аса ірі көлемде орны толмас экономикалық, материалдық шығындарға ұшырауына себеп болмады.

Өкінішке орай, Қазақ Елі Құдай берген табиғи байлықтары нәтижесінде әлемнің ең бай мемлекеттерінің бірі бола тұра, жолдары тәуелсіздік алғалы бері, қазірге дейін жауапты орындарда болған ұлт сатқыны, тексіз, арсыз, намыссыз жемқорлардың кесірінен ойдағыдай дамымай, адамның жүрегін ауыртатындай масқара жағдайда қалып қойды.

Өкінішке орай соңғы 30 жылда Қазақстанда жол апатынан 83 мыңнан астам Қазағымыз, бауырларымыз қаза тапқан. Әсіресе сіздің тұсыңызда, атап айтқанда соңғы 3 жылда жол-көлік апаттарының саны, жыл сайын 6 пайызға өсіп отырған.

Сондықтан елтаңба мен насыбай мәселелерінен бұрын Қазақ Елінің сорына, ұлттық трагедияға айналған жол мәселесіне баса назар аударсаңыз дұрыс болар еді !!!

Сонымен қатар онсызда соры бес елі Жезқазған өңірінің әкімі, аймақтағы жолдың кешегі күнгі масқара жағдайы әшкере болған соң, титтәй де ұяты болса өз еркімен орнын босатуы керек деп ойлаймын.

 

Өмірхан Алтын

 

 

 

Пікірлер