Сәденов министрліктің бұрынғы басшысы Ерлан Тұрғымбаевқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын растады

591
Adyrna.kz Telegram

Қазіргі ішкі істер министрі Ержан Сәденов Ішкі істер министрлігінің бұрынғы басшысы Ерлан Тұрғымбаевқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын растады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Ішкі істер министрлігі мұны тексеріп жатқан жоқ, сондықтан бұл жерде құзырлы органдар қандай іс, қандай бап бойынша тергеу ашқаны туралы түсініктеме бере алмаймын, мәселе солардың еншісінде», - деді Сәденов сәрсенбіде мәжіліс алаңында.

Ғаламторда тараған ақпаратқа сәйкес, Тұрғымбаев Қаңтар оқиғасы бойынша Бас прокуратураның тергеуіне түскен.

Тұрғымбаев Ішкі істер министрлігін 2019 жылдың ақпан айынан бастап басқарды және қаңтар оқиғасынан кейін көп ұзамай – 2022 жылдың 25 ақпанында қызметінен босатылды. Одан кейін 2022 жылдың 17 тамызына дейін алты айға жуық президент кеңесшісі болды, ал 2023 жылдан бастап Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Аймақтық терроризмге қарсы құрылымының (АТҚҚ ШЫҰ) кеңесшісі ретінде тіркелген.

Пікірлер