Алматы облысында жеңіл көлік пен жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан төрт адам қаза тапты

10363
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысында жеңіл көлік пен жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы облыстық полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметіне сілтеп.

«23 наурыз күні сағат 13.45 шамасында «Алматы-Астана» тас жолының 35-ші шақырымында ауыр салмақты DAF көлігі мен Daewoo жеңіл көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Жол апаты салдарынан үш адам оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ екі зардап шегуші жақын маңдағы ауруханаға жатқызылды, олардың бірі есін жимастан көз жұмды», - делінген сенбі күні таратқан хабарламада.

Хабарламада атап өтілгендей, қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасына қатысты сараптама тағайындаумен қатар барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

«Мұндай оқиғалардың алдын алу үшін облыс тұрғындары мен қонақтарын жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз», - деп қосты полицейлер.

Пікірлер