Қырғыз басшылығына "қастандық жасауы" мүмкін әзербайжандықтар ұсталды

701
Adyrna.kz Telegram
Фото: Кабар
Фото: Кабар

Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті ел басшылығына қастандық жасамақ болған трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін ұстады. Бұл туралы Кабар сайты жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Шетел азаматтары мен мемлекетаралық іздеуде болуы мүмкін тұлғалардың арасынан ұйымдасқан қылмыстық топтардың заңсыз әрекеттерін анықтау және жолын кесуге бағытталған жедел іс-шараларды ұйымдастыру барысында трансұлттық ұйымның мүшелері - Әзербайжанның 5 азаматы анықталды”, делінген хабарламада.

Қырғыз Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының назарына түскен қылмыстық топ: Алиев В.М., Багиров С.А., Асгаров М.О., Бехбудов М.С. Ал Мамедов З.И.

Мәліметке сәйкес, қылмыс әлемінде "қаңғыбас" деген лақап атымен белгілі М. Асгаров қылмыстық ортаны нығайту және ұрылар идеологиясын тарату, сондай-ақ өзінің мәртебесін арттыру мақсатында мемлекет жүргізіп жатқан ұйымдасқан қылмыстық топқа қарсы белсенді күрес саясатына байланысты ел басшылығына қастандық жасау үшін серіктестерімен қырғыз аумағына келген.

Осыған байланысты Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті 2024 жылғы 22 наурызда жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, нәтижесінде жоғарыда аталған тұлғалардың барлығы ұсталды.

Қазіргі уақытта оларды Қырғыз Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тарту бойынша шаралар жүргізіліп жатыр.

Пікірлер