Мәскеудегі Крокус Сити Холлдағы теракт кезінде екі қырғызстандық әйел жоғалып кетті. Бұл туралы әлеуметтік желілерде жарияланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы 24.kg сайтына сілтеп.
24 жастағы Эдита Жүсіпова мен 20 жастағы Майза Гүлжігітқызы Crocus City Hall концерттік орталығындағы дәмханалардың бірінде жұмыс істегені айтылады.
Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты растады. Олар қыздарды іздеуде.
Естеріңізге сала кетейік, 22 наурызда Мәскеу түбіндегі Crocus City Hall ғимаратында
Мәскеу облысының денсаулық сақтау министрлігі лаңкестік әрекеттен үш баланың қаза тапқанын хабарлады. Жалпы, Ресейдің Тергеу комитетінің мәліметінше, Crocus City Hall-да болған терактіде қаза тапқандар саны 115 адамға дейін өсті. Іздеу жұмыстары жалғасуда.