4 сәуірде Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Ватикан мен Италияға жұмыс сапарымен барып, Рим папасы Францискпен кездесті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Парламент сенатының баспасөз қызметінің мәліметінше, депутаттардан құралған делегация дінаралық конфессияға қатысып, парламентаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылаған. Мәулен Әшімбаев Рим папасы Францискке ілтипатын білдіріп, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезіне жан-жақты қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін ризашылығын білдірді.
«Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі қазіргідей өзекті сын-қатерлер жағдайында дін көшбасшыларының, саясаткерлердің және халықаралық ұйымдардың күш-жігерін ортақ мүддеге
Өз кезегінде Рим папасы Франциск Қазақстанның бейбітшілік пен түрлі дін өкілдері арасындағы ынтымақтастықты нығайту жөніндегі бастамасын қолдайтынын айтты.