«Ресей заңына жол жоқ»: Тбилиси халқы заң жобасына қарсы митинг ұйымдастырды (ВИДЕО)

695
Adyrna.kz Telegram
Фото: gazeta.ru
Фото: gazeta.ru

Грузияның тәртіп сақшылары Руставели даңғылындағы ел парламенті ғимаратының маңында наразылық акциясы кезінде 14 адамды ұстады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі gazeta.ru-ға сілтеп.

Сәуірдің 15-і күні кешке мыңдаған Тбилиси тұрғыны Грузия парламенті ғимаратының жанына жиналып, шетелдік агенттер туралы заңның қабылдануына қарсы шеруге шықты.

Ал Грузияның ішкі істер министрлігі ереуілге шыққандардың ұсталған. Билік олардың қоғамдық тәртіпті бұзып, полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетіп, балағат сөздер айтқан.

Таңертең басталған наразылық шеруі кешке дейін нығайып, халық парламент ғимаратының жанына көптеп жиналғаны айтылды. Митинг өтіп жатқан Руставели даңғылында белсенділер сөз сөйлейтін сахна орнатқан.

Белсенділер ұйымдастырған митингке үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, өнер қайраткерлері, саясаткерлер, студенттер мен қарапайым азаматтар қатысты. Жиналғандар: «Ресей заңына жол жоқ! Еуропаға иә!» деп айғайлаған.

Түн ортасына таман наразылық білдірушілер тарай бастады, деп хабарлайды Sputnik Грузия ақпарат агенттігі.

Олар келесі митингіге 16 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат 11:00-де – заң жобасы парламенттің жалпы отырысында талқылану басталғанға дейін жиналуға келісті. Сонымен бірге кейбір наразылық білдірушілер Руставели даңғылында түнеуге бекінгені айтылды.

«Ереуілшілердің зорлық-зомбылық әрекеттерінің салдарынан Ішкі істер министрлігінің қызметкері зардап шекті, тиісті медициналық көмек көрсетілді», - делінген Грузияның ішкі істер министрлігі хабарламасында.

Айта кетейік, «Шетелдік ықпалдың ашықтығы туралы» заң жобасын Грузия парламентіне «Грузин арманы» партиясы 2023 жылдың наурыз айында енгізген. Бұл әрекет жаппай наразылық тудырды, содан кейін заң жобасы кері қайтарылды.

2024 жылдың сәуір айының басында ол қарау үшін қайта енгізілді. Бастамаға сәйкес, 20 пайыздан астам шетелден қаржыландырылатын кез келген ұйым жыл сайын олардың көздері мен қаражатты мақсатты пайдалануын көрсете отырып, кірісі туралы декларация тапсыруы тиіс.

Бұл жобаға қарсылық білдірген грузиндер мұны Ресейдің шетелдік агенттер туралы заңына ұқсас деп санайды.

https://www.instagram.com/reel/C5z3HVStf5P/?igsh=MWhib3A5OGRrYWVodw==

 

Пікірлер