"Өзін-өзі өлтірген". Жүкті әйелдің перзентханада қайтыс болғаны айтылды

1060
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөз
Фото: Ашық дереккөз

Жамбылда жүкті әйел өз-өзіне қол жұмсап, көз жұмды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеп.

Сарысу ауданының 33 жасар тұрғыны өз-өзіне перзентханада суицид жасаған. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінде белгілі болды.

Қайғылы оқиға Тараз қаласындағы Жамбыл облыстық перинаталдық орталығында 10 сәуір күні орын алған.

«Жүкті әйел жалған толғақ диагнозымен ОПС бақылауында болды және тиісті ем алды. Жүкті жағдайда болған кезде психологиялық ауытқулар байқалмаған. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келді. Аталған фактіге байланысты құқық қорғау органдары 105-баптың 1-бөлігі, яғни, өзін-өзі өлтіруге итермелеу бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады, сот-медициналық сараптамасы жүргізіліп жатыр. Ақпарат тергеу аяқталғаннан кейін жарияланады», – делінген баспасөз қызметі таратқан ресми ақпаратта.

Ол жүктіліктің он алтыншы аптасында болған. Марқұмның артында жолдасы және 3 баласы қалды. Балаларының үлкені 6 жаста, ал екеуі балабақшаға барады.

Полиция  аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, жан-жақты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтады.

Пікірлер