Тасқын судан зардап шеккен көкшетаулықтар баспаналы болды

588
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақмола облысы әкімдігі.
Фото: Ақмола облысы әкімдігі.

Көкшетауда су басу аймағында қалған зардап шеккен тұрғындарға пəтер кілттері тапсырылды. Ақмола облыс әкімдігінің мәліметінше, пəтер кілттерін өңір басшысы Марат Ахметжанов табыс етті, ол мемлекет залалды азайту үшін барлық шараларды қолданып жатқанын атап өтті.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ақмола облысында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жəне олардың қажеттіліктерін шешу бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. Бүгін сіз пəтер алған алғашқы адам болдыңыз. Отбасыларыңызда бəрі жақсы болып, қиыншылықтар артта қалсын», – деді облыс әкімі Марат Ахметжанов.

Мемлекеттік қордан алғашқы тұрғын үй алушылар Қапаровтар жəне Никулиндер көпбалалы отбасылары болды. Алынған пəтерлерді тұрғындар өздері таңдады. Пəтерде тұру үшін қажет нəрсенің бəрі бар.

«Президентке біздің мəселелерімізді тез шешкені үшін алғыс айтамыз. Біздің отбасымыз үшін бұл үлкен қуаныш, балалар риза, барлығына үлкен рахмет. Біз өз тарапымыздан осы үйде тек қуанышты сəттердің болуына тырысамыз», – деп қуанышымен бөлісті Сəуле Қапарова.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ақмола облысында зардап шеккендерге барлық қажетті қолдау көрсетілетінін жəне азаматтардың мүлкін қалпына келтіру бойынша барлық шаралар қолданылып жатқанын атап өткен жөн. Өңірде шығындарды өтеу жəне жою жөніндегі жұмыс тұрғын үй қатынастары туралы қолданыстағы заңнама шеңберінде жалғастырылатын болады.

Кеше облыс орталығының 174 отбасы 65 млн теңгеден астам сомаға біржолғы төлем алды. Сондай-ақ, материалдық шығындарды бағалау жəне өтеу жөніндегі комиссия 12 отбасына 8 млн теңгеден астам көлемде материалдық залалды өтеу туралы шешім шығарды. Сонымен қатар, арнайы комиссия қазіргі уақытта тұрғын үйдің одан əрі тұруға жарамдылығын анықтау бойынша техникалық тексерулер жүргізуде.

Пікірлер