ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов апта соңына дейін су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлеуді тапсырды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеп.
«ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген шығынды өтеу мәселесі бойынша кеңес өткізді. Бүгінгі күні зардап шеккен 3561 отбасына 100 АЕК көлемінде жоғалған мүлкі үшін біржолғы өтемақы түрінде шамамен 1 млрд теңге төленді. Осы аптаның соңына дейін барлық зардап шеккендерге өтемақы төленеді», - делінген сәрсенбі күні таратқан хабарламада.
Баспанасынан айырылған тұрғындар үшін зардап шегушінің өз таңдауы бойынша жаңа үйлер салынады немесе нарықтан дайын баспана сатып алынады. Саяжай бойынша, егер олар зардап шеккен адамның жалғыз үйі болса, осындай тетік қолданылатын болады.
Кеңесте су тасқыны салдарынан зардап шеккен өңірлердің әкімдері келтірілген залалды өтеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың ағымдағы нәтижелері туралы баяндады. Мәселен, Павлодар облысында демейшілермен бірге 119 үй бойынша залал өтеліп, тұруға жарамсыз 5 үйдің құрылысы басталды. Қостанай облысында зардап шеккендер үшін Арқалық қаласынан 27 пәтер сатып алынды, 1 600 отбасына әлеуметтік көмек төленді. Ақтөбе облысында 44 отбасына 94,3 млн теңге көлемінде материалдық шығын өтелді; 57 жаңа үйдің құрылысы басталды.
Әкімдіктердің жедел деректері бойынша бүгінде зардап шеккен үйлер саны – 9 627, оның ішінде:
Новости по теме
- 9610 жеке;
- 17 көппәтерлі тұрғын үй.