“Шаңды дауыл”. Еліміздің бірқатар аймағында қолайсыз ауа райы күтіледі

1777
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/04/img_2118.jpeg
"Қазгидромет" РМК жексенбі, 21 сәуір күніне Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Болжамға сәйкес, еліміздің көп аймақтарында жел тұрады, оңтүстік-шығыста шаңды дауыл, оңтүстік өңірде дауыл болады деп күтіледі. "Республикамыздың басым бөлігі кең ауқымды антициклонның ықпалында болады, соған сәйкес жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, тек күндіз Қазақстанның оңтүстік-батысында және қиыр солтүстігінде аздап жаңбыр жауады деп күтіледі. Сондай-ақ республикамыздың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады деп болжанады. Қазақстан бойынша желдің күш алуы түрінде ортақ табиғи құбылыс байқалады. Қазақстанның оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында шаңды дауыл тұрады, ал солтүстігінде түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман болады деп күтіледі” делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.
Комментарии