Атырауда өртке оранған тұрғын үйден 60 адам эвакуацияланды

771
Adyrna.kz Telegram

Атырауда өртеніп жатқан үйден 60 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ішкі істер министрлігінің ақпаратына сілтеп.

«20 сәуір күні сағат 17:50 шамасында патрульдік полиция қызметкерлері көпқабатты тұрғын үйде өрт шыққанын байқап, дереу тұрғындарға көмектесті. Полиция 10 минут ішінде көпқабатты үйден 60 адамды эвакуациялады», - делінген сенбі күні таратқан хабарда.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары құлыптаулы тұрған пәтерлердің бірінің есігін бұзып, ішінен екі қарт адамды қауіпсіз жерге шығарған.

Зардап шеккендер жоқ.

Пікірлер