Атырауда өртке оранған тұрғын үйден 60 адам эвакуацияланды

2271
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/04/img_2130.jpeg
Атырауда өртеніп жатқан үйден 60 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ішкі істер министрлігінің ақпаратына сілтеп. «20 сәуір күні сағат 17:50 шамасында патрульдік полиция қызметкерлері көпқабатты тұрғын үйде өрт шыққанын байқап, дереу тұрғындарға көмектесті. Полиция 10 минут ішінде көпқабатты үйден 60 адамды эвакуациялады», - делінген сенбі күні таратқан хабарда. Сондай-ақ тәртіп сақшылары құлыптаулы тұрған пәтерлердің бірінің есігін бұзып, ішінен екі қарт адамды қауіпсіз жерге шығарған. Зардап шеккендер жоқ.
Comments
Other materials