"Жауапкершіліктен қашып жатыр деу - ұят". Вице-министр журналиске шүйлікті

734
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Брифингте төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов журналиске шүйлікті, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Stan.kz-ке сілтеп.

Журналистің “сұрақтарымызға министрдің өзі неге жауап бермейді, жауапкершіліктен қашып жүрген жоқ па?” деген сұрағына вице-министр жауап берді.

"Қазіргі таңда өздеріңіз білесіздер, Батыс Қазақстан, Атырау, Солтүстік Қазақстан облысында жағдай өте күрделі. Премьер-министрдің тікелей тапсырмасы бойынша Шыңғыс Әрінов Атырау облысындағы елді-мекендерде жүр. Қалай болғанда да су тасқынының зардабын төмендетсек деп жүр. Ер азамат ретінде ол "жауапкершіліктен қашып жатыр, келмей жатыр" деу – ұят. Ертең жағдайдың бәрі қалпына келгесін, осында келіп сұрақтарыңызға жауап береді. Қазір төтенше жағдайлар министрлігі басшыларының барлығы су басқан аймақтарда жүр",-деп жауап берді Бауыржан Сыздықов.

Пікірлер