"25 жыл не өмір бойына". Адвокат Бишімбаевтың жазасына қатысты болжам жасады

1136
Adyrna.kz Telegram
Ашық дереккөзден
Ашық дереккөзден

Танымал заңгер әйелін өлтірген Бишімбаевтың қандай жаза алуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі "Әшкере" арнасына сілтеп.

Адвокат Жохар Өтебеков Facebook-тегі парақшасында Қуандық Бишімбаевтың жазасына қатысты жазба жариялады. Адвокаттың сөзінше, экс-министр өз-өзіне ор қазып, сол арқылы әділдіктің орнауына әсер еткен.

“Бишімбаевтың өзіне ор қазуы арқылы орнаған әділдік! Ол өте арам пиар-науқанын ұйымдастырды. Бүкіл сот отырысында шайқасты, барынша сытылғысы келді, жалтарды. Ашушаң болса да, шыдам танытып, өзін ұстады. Ол өлім болған түні мас күйінде жантүршігерлік видео түсіргенін ұмытып кеткен болса керек, сөйтіп телефонының құпиясөзін берді. Осы кезде айтарға сылтау таппай қалды”, – деп жазған адвокат.

Өтебеков марқұмның өліміне қатысты психологиялық соққы алғанын айтты.

“Өкініштісі, менің өзім Салтанат пен оның ағасы үшін алаңдап, психологиялық соққы алдым. Бірінші күннен бастап экраннан зұлымдық құйылып жатқандай сезім болды. Менің психологиялық күйзеліске ұшырауыма, әсіресе, сот отырысының дұрыс ұйымдастырылмауы да әсер етті. Ол үшін ұяламын. Осы саясатты ескере отырып, Бишімбаев 25 жылға немесе өмір бойына сотталуы мүмкін. Ал Байжановқа – 4 жыл. Сот отырысының тікелей эфирі құқықтық мәдениетімізді арттырды. Қылмыстық сот төрелігін, адвокатураны және т.б. реформалар туралы көптеген идеялар алдым”, – делінген Өтебековтың желідегі парақшасында.

Пікірлер